RU

Қызылордада өрттен үш бүлдіршін көз жұмды

Қызылордада үш бүлдіршін өрт салдарынан газға уланып, көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: news.bigmir.net
Көрнекі фото: news.bigmir.net: Twitter

Оқиға Қызылордадағы "Наурыз" саяжай теліміндегі тұрғын үйлердің бірінде өткен түнде орын алған.

Комитеттің хабарлауынша, үйдегі жиһаздар өртеніп, жалын төбедегі қабырғаға бір-ақ жетіпті. Араға 25 минут салып өрт сөндірушілер отты өшіріп, үйден газ баллонды алып шыққан.

Өртпен күресушілер келгенше үйден 8, 7 және 5 жасар үш бала шығарылған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оларды құтқара алмапты.

Артынша марқұм сәбилерге туыс болып келетін бірнеше адам да медициналық көмекке жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772438-kyzylordada-rtten-s-bldirsin-kz-zmdy.html