RU
Абай Бегей жұрттың ауыр сөзін көтере алмай, ауырып қалған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Абай Бегей жұрттың ауыр сөзін көтере алмай, ауырып қалған

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Абай Бегей тыңдармандардың сөзінен соң ауырып қалғанын мәлім етті. Желі қолданушыларының ғайбат сөзін көтере алмаған әнші барлығын көңіліне жақын қабылдайтынын айтты деп жазады "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"2015 жылы Алматыда концерт бергенімде, жарнамамды танымал әншілер өз парақшасына салып жатты.

Сол жерге жазылған желі қолданушыларының пікірін көріп, ауырып қалдым. Тіпті концерт өткізгім келмей қалды.

Содан кейін де біраз әңгімелер болды. Мен ондай әңгімеден қорықпаймын. Көңіліме алып қаламын.

Бірақ оларды кешірдім. Себебі, жүрекке жақын алмау керек. Ең алдымен жүрекке тыныштық керек. Мен барлығын кешірдім. Қазір желіге жазылған пікірлерді көп оқымаймын", - деді Абай Бегей.

Айта кетейік, былтырғы жылдың жаз айында Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерген болатын.

Осыдан кейін көпшілік әншіні аяусыз сынға алды. Ол өз кезегінде көпшілікке неліктен өзінен 16 жас кіші әйел алғанын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
7
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel