Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында бірнеше рейс кешіктіріліп жатыр

Опубликовано:

Бүгін, 10 қаңтар күні Алматы әуежайының электрондық таблосына сәйкес, үш рейспен ұшатын жолаушыларға кідіруге тура келеді. Бұл кешеден бері оңтүстік астананы басқан тұманға тікелей байланысты болуы мүмкін деп жазады NUR.KZ.

Фото: 2gis.kz
Фото: 2gis.kz: Facebook

Халықаралық әуе айлағының мәліметтері бойынша, Алматыға Үрімші, Астана мен Ақтаудан ұшып келуі тиіс ұшақтар кешіктірілуде.

Өз рейсіңізді туралы мына жерден біле аласыз>>

Бұған дейін азаматтық авиация комитетінде заңнамаға сілтеме жасай отырып, ұшақ кешіктіріліп жөнелтілген жағдайда жолаушылардың не істеу қажеттігі айтылған.

Тасымалдаушылар жеті жасқа дейінгі ана мен балаға бөлме (бар болса) ұсынуы, екі телефон қоңырауын жасауға немесе электрондық пошта арқылы хабарлама жіберуге рұқсат беруі, сусындармен (2 сағаттан күту) және тамақпен (егер адам рейсті 4 сағаттан артық күтіп отырса) қамтамасыз етуі, қонақ үйге орналастыруы және жеткізуі (күндіз күту уақыты 8 сағаттан астам, кешке – 6 сағаттан астам болса), сондай-ақ, басқа да шараларды қабылдауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772443-almaty-uezajynda-birnese-rejs-kesiktirilip-zatyr/

pixel