RU
Қапшағай тас жолында 31 көлік соқтығысып қалды (видео)

Қапшағай тас жолында 31 көлік соқтығысып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қапшағай тас жолы бүгін жаппай көлік апаты болатын орынға айналды. Алматы-Өскемен тас жолының 20-шы шақырымында 31 көлік соқтығысқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: Видеодан скриншот

Коллаж: Видеодан скриншот

Таңертеңнен бері Қапшағай тас жолында сұмдық жағдай болып жатыр. Көліктер бірінің артынан бірі соғып, темір тұлпарлар зақымдалып жатыр.

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы "Алматы-Өскемен" тас жолының 20-шы шақырымында орын алғанын мәлімдеді.

Жаппай көлік соқтығысуына көктайғақ себеп болған екен. Полицейлердің ақпаратынша, 31 көлік соқтығысқан.

"Жарақаттанған бес адам Іле ауданының ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында жол-көлік полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс істеуде", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Соңғы келіп түскен ақпарат бойынша жолдағы көліктер алынып, көлік жүрісі қалпына келтірілген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel