Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жігіті тастап кеткен қыз босанғаннан кейін жындыханаға түсті

Опубликовано:

Ақтөбеде 28 жастағы қыз тұрмысқа шықпай, оң босағада отырып босанып, жындыханаға түсіп қалды. Бойжеткеннің жүктілігін білген жігіті жүріп жүргенде тастап кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде жігіті тастап кеткен қыз босанғаннан кейін жындыханаға түсті
Көрнекі фото: trikky.ru: Twitter

Алыстағы ауылда тұратын туыстарына жағдайын айта алмай қиналған жас ана қатты күйзеліске түскен.

"Адамдар әртүрлі жағдайда жүйке ауруына шалдығады. Босанғаннан кейінгі күйзеліспен қиналған жас ана қазір бізде емделіп жатыр.

28 жастағы қызды жігіті тастап кетіп, баланы өзі дүниеге алып келген. Босанғанын ата-анасына айтуға батылы жетпепті.

Әке-шешесі алыс ауылда тұрады екен. Қалада жалғыз қалған қыз бала жасырын түрде босанған.

Іштен тынып қиналған жас ананың психикасына барлық жағдайлар әсер еткен. Босанғаннан кейін баласын емізбек түгілі, көргісі келмепті.

Бұл жерде материалдық жағдай да көп рөл ойнайды. Қорқыныштан күйзеліске түскеннен кейін қазір біздің ауруханада емделіп жатыр", - дейді облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Гүлмира Оразова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772465-aktbede-zigiti-tastap-ketken-kyz-bosangannan-kejin-zyndyhanaga-tsti/

pixel