RU
"Әйелі шыңғырып жылайды": Тележүргізуші танымал әншінің былығын әшкереледі
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әйелі шыңғырып жылайды": Тележүргізуші танымал әншінің былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Отандық тележүргізушілердің бірі Анель Әлиасқар елімізге аса танымал әншінің былығын ашты. "Шопыр қыз" бағдарламасын тізгіндейтін ару әйеліне опасыздық жасайтын атақты әншінің екіжүзділігін ашына айтты деп жазады NUR.KZ.

"Мен жұлдыздардың арасында жүргеннен кейін көп шынайы оқиғаларды білемін.

Бір әртіс бар, өте танымал. Сіз оны танисыз. Сырт көзбен қарағанда, ол отбасының берекесі асып тасып жатқан сияқты. Өзі - бәріне үлгі, Аллаһты аузынан тастамайды.

Әңгімелерін тыңдасаң, құрметтеуге келеді. Камера қосылса, бір адам. Ал камера өшсе, басқа...

Оның сұлу, нәзік әйелі бар. Бірақ ол құрбысының үйіне қонаққа барады. Шай ішіп, әңгіме айту үшін емес, жеңілдеу үшін...

Жер үйдің екінші қабатындағы түпкі бөлмеге барып, шыңғырып жылайды. Айғайлап, даусы біткенше, өксіп жылайды. Оны естігеннен жаның түршігеді.

Ешкімнің басына бермесін. Жан айқайының себебі неде деп ойлайсыздар? Күйеуінің екіжүзділігінде.

Халық алдында "Ел ағасы" болса, шынайы өмірде сатқын, опасыз, көзге шөп салады.

Айтайын дегенім, әдемі суреттер мен ертегі секілді жазылған посттарға сене бермеңіздер", - деп жазды Анель Әлиасқар Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі шоу-бизнес өкілдерінің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
12
15
10
55
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel