RU

Көзі нашар көретін аңшы байқамай өз баласын атып өлтірді

Ресейде баласымен аң аулауға шыққан аңшы жануарды атамын деп ұлын өлтіріп алған деп хабарлайды Vesti.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: VistaNews.ru
Көрнекі фото: VistaNews.ru: Facebook

Оқиға Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск автономиялық округінде болған.

Белгілі болғандай, ер азамат жүріп бара жатқан бұланды нысанаға алып, оқ жаудырған.

Нәтижесінде оқ 18 жастағы ұлына тиген. Бала жарақаттан қайтыс болыпты.

Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша, аңшының көру қабілеті нашар екен.

Қазіргі уақытта тергеу жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772485-kzi-nasar-kretin-asy-bajkamaj-z-balasyn-atyp-ltirdi.html