RU
Сириядан оралған 7 қазақстандық азамат терроризм бойынша күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

Сириядан оралған 7 қазақстандық азамат терроризм бойынша күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

6 қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бірегей гуманитарлық операция өткізіп, Қазақстанның 47 азаматын, оның ішінде 30 баланы Отанына қайтарды. "Жусан" кодымен аталған операция мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша жүргізілді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев атап өткендей, бұл гуманитарлық операция бірнеше ай бойы әзірленген.

Оның сөзінше, бұл операцияны жүзеге асыру Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары беделінің арқасында Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы күрес ісінде жүргізіп жатқан белсенді сыртқы саяси жұмысының негізінде мүмкін болды.

"Біздің елордамызда келіссөздердің 11 раунды өтті. Нәтижесінде деэскалация аймақтары құрылды, Сирияның үлкен аумағында жауынгерлік іс-қимылдар тоқтатылды, азаматтық халыққа гуманитарлық қол жеткізу қамтамасыз етілді. Қазір осы мәселені толық ауқымды саяси реттеу үшін жағдайлар жасалуда.
Жүргізілген операция және жалпы алғанда біздің органдардың жұмысы 2017 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған 2396 қарарының ережелеріне толық сәйкес келеді", - деді ол.

Ашықбаев Сириядан оралған азаматтардан ешқандай қауіп төнбейтінін айтты.

Қазір "Жусан"операциясы нәтижесінде оралған алты ер азамат пен бір әйелге қатысты терроризмге қатысы бар деген күдікпен соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жағдайлар мұқият тексерілетін болады және соңғы шешімді сот қабылдайды",- деп түсіндірді спикер.

Өз кезегінде ҰҚК Департаментінің бастығы Бақытбек Рахымбердиев Қазақстанға алты ер адам, 11 әйел және 30 бала қайтып оралғанын хабарлады. Оның айтуынша, мұнда "басқа жағдай және басқа санат" болғандықтан оларды қазақстандық азаматтықтан айыру мәселесі қарастырылмайды.

"Бұл азаматтар қайтуға өз ниеттерін ерікті түрде білдірді. Кінәлі деп танылған тұлғалар жазаларын Қазақстанда өтейтін болады. Азаматтықтан айыру мәселесі қарастырылмайды", -деді ол.

Айта кетейік, 6 қаңтар күні Назарбаев Сириядан 47 отандасымыздың қайтарылғанын мәлімдеген еді.

Артынша жат ағымға еріп кеткендердің қалай құтқарылғаны туралы да видео тараған.

Одан бөлек, СІМ Сириядағы құтқару операциясы туралы мәлімдеме жасады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel