Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сириядан қашпақ болған бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген

Опубликовано:

Сирияға барғаннан кейін кері қайту мүмкін емес. Қайтамын дегендер қатаң жазаланады, тіпті өлім жазасына да кесіледі. ҰҚК-нің мәліметінше, қашпақ болған бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген деп хабарлайды NUR.KZ.

rbc.ua
Көрнекі фото:rbc.ua: Twitter

Қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялауға қатысты Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг кезінде ҰҚК департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев осындай мәлімдеме жасады.

Оның сөзінше, Сирияға тарту жұмыстары мешітте емес, ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы шетелден жүргізілген.

"Сирияға тартушылар отандастарымызбен интернет және әлеуметтік желі арқылы сөйлесе бастаған. Ол жердегі өмірді насихаттап, бәрі әділетті екенін айтып, діни заңдардың берік сақталатынын алға тартқан. Осылайша, адамдарды қызықтырған", - дейді Бақытбек Рахымбердиев.

Алайда Сирияға барған адамдардың онда мұсылмандар топтарға бөлініп, бір-бірімен соғысып жатқанын, ешқандай әділеттілік жоқ екеніне көздері жеткен.

"Ол жерге барған соң, қайту мүмкін емес. Бізде бірнеше отандасымызды қашуға талпынысы үшін өлім жазасына кескені туралы ақпарат бар", - деді ҰҚК департамент басшысы.

Бақытбек Рахымбердиевтің сөзінше, өмірлік тәжірибесі, білімі жоқ жастар осындай жалғанға сеніп қалады екен.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер тексеріледі. Соның арқасында "бірнеше жүз адамды" райынан қайтару мүмкін болған.

ҰҚК соңғы екі жарым жылда бұл аймақтарға қазақстандықтардың кетпегенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, алтыншы қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Сириядан 47 отандасымыздың қайтарылғанын мәлімдеген еді.

Артынша жат ағымға еріп кеткендердің қалай құтқарылғаны туралы да видео тараған болатын.

Одан бөлек, СІМ Сириядағы құтқару операциясы туралы мәлімдеме жасады. Сонымен қатар жеті азаматқа "терроризмге қатысы бар" деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772508-siriadan-kaspak-bolgan-birnese-kazakstandyk-lim-zazasyna-kesilgen/

pixel