Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Білмеcтікпен барды": Сирияда қаза тапқан қазақстандықтың анасы үндеу жасады

Опубликовано:

Ботагөз Махатова Астанаға Қарағанды облысының Сәтпаев қаласынан келген. Оның Сирияға кеткен ұлы екі жыл бұрын қайтыс болыпты. Бірақ келіні мен екі немересі қазір қақтығыстар аймағында жүр екен. Әйел немерелерін күтіп жүргенін айтып, олардың келуіне отандастары қарсы болмайды деп үміттенеді. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Иллюстрациялық фото: Screen-ad.ru
Иллюстрациялық фото: Screen-ad.ru: UGC
"Олардың бәрі Қазақстанның азаматтары. Олар өздеріне жат жерге бекер барғандарын түсінді. Олар бұл өмірде адасты", - деп сөзін бастады әйел.

Оның айтуынша, WhatsApp мессенджерінде Қазақстан бойынша Сирияға балалары кеткен 120 ана тіркелген чат бар екен. Олардың ішінен тек 10 ананың балары елге қайта оралған.

"Менің ұлым басқалары сияқты діни білімі жоқ болғандықтан сол жаққа кеткен. Кішкентай балалардың мүлде қатысы жоқ. Олар ата-анасымен еріп кетті. Менің келінім сонда жүр, олар сол ортадан шыға алмай жүр.

Бізге ол жерден кетуге талпынып жатқандығын айтты. Соғыс жалғасып жатқандықтан олар дінттеген жерге әлі жетпеген. Олар жаяу жүріп келе жатыр. Қайда қашатындарын білмейді. Барлық маңға мина қойылған. Келін мен немерелерім WhatsApp арқылы байланысқа шығып отырады", - деді ол.

Әйел адамның сөзінше, ұлы досымен бірге Алматыға тауар апаруға кеткен екен. Сол уақытта ол дүкенде жұмыс істеген. Содан қайтып оралмапты. Кейінірек Сирияға кеткенін білгенде ҰҚК хабарласқан. Ол кезде ешкім қандай шара қолдану керегін білмепті.

"Менің ұлым 2012 жылы кеткен. Ол кезде колледждің үшінші курсында оқитын. Тек намазға жығылатын. Біз бастапқыда намаз оқығанына "әлі жассың" деп қарсы болдық. "Колледжді бітір, әскерге бар, сосын оқисың" дедік. Соңында рұқсатымызды бердік. Мүмкін бұл біздің қателігіміз шығар.

Мен оны үнемі бақылап жүрдім. Оның тарапынан ешқандай жат қылықтар көргенім жоқ. Оларды Сирияға ешкім жіберген жоқ. Әлеуметтік желі арқылы үгіттегендер болған сияқты. Мен ұлымның ол жаққа баратынын білген жоқпын. Ол Мысырға оқуға барамын деген. Нәтижесінде жарты жылдан соң Сириядан бір-ақ шықты.

Балам 2016 жылы қайтыс болды. Қандай жағдайда қаза болғанын білмеймін. Әйелі жерлеп жатқан сәттен видео жіберді. Ол жақта соғыс жалғасуда, оның сүйегін қалай алып кетер едім. Ешкім рұқсат бермейді ғой", - деп сөзін бітірді ана.

Еске сала кетейік, алтыншы қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Сириядан 47 отандасымыздың қайтарылғанын мәлімдеген еді.

Артынша жат ағымға еріп кеткендердің қалай құтқарылғаны туралы да видео тараған болатын.

Одан бөлек, СІМ Сириядағы құтқару операциясы туралы мәлімдеме жасады. Сонымен қатар жеті азаматқа "терроризмге қатысы бар" деген күдікке ілінді.

Ал бүгін ҰҚК Сириядан қашпақ болған бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772509-bilmectikpen-bardy-siriada-kaza-tapkan-kazakstandykty-anasy-ndeu-zasady/

pixel