Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда Iphone мен Ipad үшін бүйрегін сатқан жігіт мүгедек болып қалды

Опубликовано:

Қытайда 17 жастағы жігіт Iphone мен Ipad сатып алу үшін бүйрегін сатып, мүгедек болып қалған. Бұл туралы podrobnosti.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: ca-news.org
Көрнекі фото: ca-news.org: Facebook

Оқиға 2011 жылы орын алған.

Iphone 4 пен Ipad 2 сатып алғысы келген 17 жастағы жігіт басқа провинцияға кетіп, интернет арқылы тапқан саудагерлермен байланысқа шығады. Осылайша, ол өз бүйрегін сатып, 22 мың юань (3200 АҚШ доллары) алады.

Армандаған гаджеттеріне әрең қол жеткізген жігіттің қуанышы ұзаққа созылмапты.

Нақты айтқанда, дәрігерлер одан бүйрек жеткіліксіздігін анықтап, артынша жалғыз бүйрегінің де қызметі тоқтағанын айтқан.

Енді төсек тартып жатқан ол күнделікті күтімді қажет етеді. Ал оған ота жасаған дәрігерлер мен делдалдар ұсталып, темір торға жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1772536-kytajda-iphone-men-ipad-sin-bjregin-satkan-zigit-mgedek-bolyp-kaldy/

pixel