Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Сириядан қайтарылған балалардың барлығы дерлік әкесіз қалған

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігінде Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Брифинг барысында ҰҚК департаментінің басшысы Бақытбек Рахымбердиев құтқарылған балалардың басым көпшілігінің әкелері қаза тапқанын мәлімдеді. Олар туған жерге аналарымен ғана оралған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: businessinsider.com.au
Фото: businessinsider.com.au: Facebook

Анасы Сирияда қалып қойған бір бала ғана бар екен. Ол әзірге мұнда жалғыз өзі. Отанына қайтарлыған балалардың кейбірі сол жерде туған.

Олардың құжаттандырылу мәселесі Сыртқы істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен шешілетін болады.

"Бұл процедура біздің заңнамамен бекітілген. Соған орай, бұған қатысты ешқандай сұрақтар мен кедергілер туындамайды" , - дейді Рахымбердиев.

Қайтарылған азаматтар Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Алматы облыстарының тұрғындары болып шықты. Олардың барлығы Сирияға 2012 мен 2015 жылдар аралығында аттанған.

Қазіргі таңда, жеті азаматқа қатысты (алтауы ер адам, біреуі әйел) "лаңкестік ұйымның қызметіне қатысу" бабы бойынша тергеу жұмыстары басталған.

Соңғы 2-2,5 жылда бұл аймақтарға қазақстандықтар кетпеген.

"Барлық сапарлар бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қайтарылған алты ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол жаққа бару үшін қомақты қаржының қажеті жоқ. Ал ол жерге жеткен бойда оларды лаңкестер тобы өздері қамтамасыз етеді. Бұл жерде әңгіме төлемде емес, көбіне рухани жағынан. Яғни, олар жұмақтағыдай өмір, зәулім сарайларды уәде етеді. Алайда, бастысы болып идеология жүреді" , - дейді спикер.

Оған қоса, Рахымбердиев өткен жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа да мемлекеттік органдармен елеулі жұмыс атқарғанын атап өтті.

Оның мәлімдеуінше, ҰҚК кедендік қызмет пен ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, радикалды ағымдарға қатысы бар түрлі елдің 58 азаматын анықтады. Олар елге кірейін деп тұрған сәтінде және ел аумағында ұсталып, жер аударылды.

"Олар түрлі мемлекеттердің азаматтары. Терроризмнің ұлты жоқ" , - дейді Рахымбердиев.

Бұған дейін, Сириядан Қазақстанға алты ер адам, он бір әйел мен 30 бала қайтып оралғаны хабарлаған. Қазіргі таңда олар Маңғыстау облысындағы арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды. Олар бір ай бойы медициналық көрсеткіштерге сәйкес, карантинде болмақ.

Департамент басшысы елге қайтып оралғандардың азаматтықтан айыру мәселесіне қатысты ойын да айта кетті. Оның сөзінше, лаңкестік әрекет үшін азаматтықтан айыру нормасы президенттің бастамасымен заңнамаға енгізілген.

Қазіргі таңда, бұл жағдай соғыс алаңында жүргендердің кейбіріне қатысты ескерілуде. Спикердің пікірінше, алдағы уақытта ол сот шешімімен іске асырылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772538-kk-siriadan-kajtarylgan-balalardy-barlygy-derlik-kesiz-kalgan/

pixel