RU
11 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

11 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін ойлар емес, сөздер шындыққа айналатын күн. Сондықтан әрбір сөзді ойланып сөйлеңіз. Дұға оқып, жақсы сөздер жиі айтқан дұрыс. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 11-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

ysia.ru

Көрнекі фото: ysia.ru

1. Тоқты

Бүгін бар дарыныңызды көрсететін күн. Әсіресе кәсіби салада. Егер ынтаңызды көрсете алсаңыз, мансабыңыз өсуі мүмкін.

2. Торпақ

Бүгін адамдармен, ақпаратпен жақсы жұмыс істейсіз. Жиналыс ашып, келіссөз жүргізу, шындықты анықтау сияқты істер оңай жүзеге асады. Дегенмен бәріне шындықты айтамын деп жақпайтыныңызды ұмытпаңыз.

3. Егіздер

Кейде өтірік айтқанды айып көрмейтініңіз рас, бірақ бүгін өтірік айтудан аулақ болыңыз. Маңызды келісімшарттар жасап, жаңа қызметкер іздеу үшін қолайлы күн. Алаяқтардан сақтаныңыз.

4. Шаян

Бүгін түсініспеушілік туындаған қарым-қатынастарға көңіл бөлген дұрыс. Жағдай өздігінен дұрысталып, татуласамын деп үміттенбеңіз. Одан да бәрін талқылап, мәселенің басын ашып алған дұрыс.

5. Арыстан

Бүгін келісімшарт жасау, басшылықпен сөйлесу, сезім білдіру сынды маңызды мәселелерде қайсарлық танытқан жөн. Негізі барлық мәселелерде нақты шешім қабылдаған дұрыс болады.

6. Бикеш

Бүгін барлық мәселелерді жылдам, қисынды және нақты орындайсыз. Күш-жігеріңіз мол болады, алайда жұмыста кідірудің қажеті жоқ. Алдағы демалыстарға дайындалыңыз.

7. Таразы

Кез келген жағдайда өз дегеніңізден қайтпайтын боласыз. Қателескеніңіз анық көрініп тұрса да, өзіңіздікін дәлелдеуге тырысасыз. Қателескеніңді мойындай білу де өнер екенін ұмытпаңыз. Өтірік емес, шындық айтсаңыз жеңесіз.

8. Сарышаян

Бүгін жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін барыңызды саласыз. Бұл ынтаңызды басшылық байқап, мақтауын аямайды, бірақ үйдегі жанұяңызды да ұмытпаған жөн.

9. Мерген

Бүгін бірден барлық нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді. Ол үшін жылдам, әрі әсерлі жұмыс істейсіз. Қалағаныңызды іске асыруыңызға болады. Бірақ айналадағы адамдардың көіл-күйіне де қарап қойған абзал.

10. Тауешкі

Бүгін жолға немесе саяхатқа шықсаңыз міндетті түрде жолыңыз болады. Кез келген жұмыс үшін жақсы марапатталасыз. Айтқандарыңыздың бәрін адамдар бұлжытпай орындайтын болады.

11. Суқұйғыш

Бүгінгі күн оқиғаларға толы және жауапты болады. Білмейтін мәселелердің өзін бірден түсінесіз. Көпшілік алдында сөз сөйлеп, қоғамдық шараға қатыссаңыз дұрыс болады.

12. Балықтар

Бүгін көкейіңіздегі мәселелерді басшылықпен талқыламаңыз. Жалақыңызды көтеруді сұрап, қандай да бір ынта танытудың қажеті жоқ. Басшылықтың көзіне түспей, аз сөйлеп, көп тыңдаған дұрыс.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel