RU
Балқашта туыстары 44 жастағы ер адамды екі айдан бері таппай жатыр (фото)

Балқашта туыстары 44 жастағы ер адамды екі айдан бері таппай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Екі ай бойы еріктілер мен полиция қызметкерлері Балқаш көлінде моторлы қайығымен жоғалып кеткен балықшыны іздестіруде деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Караганды облыстық ПД

Фото: Караганды облыстық ПД

Георгий Шавшинді туыстары 11 қарашадан бері таба алмай жатыр. Ол қайықпен белгісіз бағытқа қарай шығып, уәде етілген уақытта үйіне келмеген.

44 жастағы балықшыны іздеуге сүңгуірлер жұмылдырылғанымен нәтиже болмаған.

"Қазір қыс мезгілі екендігі ескеріліп, судың астынан іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Жоғалғанына көп уақыт болғанымен, біз жақсылыққа жоримыз. Полиция іздеу жұмыстарын атқаруда", - дейді балықшының туыстары.

Жоғалып кеткен Шавшин Георгий Викторовичтің белгілері: қара шашты, орташа денелі.

Сол күні қандай киім киіп шыққанын жақындары білмейді.

Туыстары Георгий Шавшинді көрген-білгендер болса 8 705 326 86 98 (ерікті) нөміріне немесе 102 (полиция) хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel