RU
Денис Теннің өлімі: Күдіктінің ағасы сотта куәлік беруден бас тартты
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің өлімі: Күдіктінің ағасы сотта куәлік беруден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінген Нұралы Қиясовтың ағасы Сұлтан Қиясов сотта куәлік беруден бас тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сотқа куәгер ретінде шақырылған Сұлтан Қиясов Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 214-бабына сәйкес өз құқықтарын пайдаланып, Нұралыға қарсы куәлік беруден бас тартқан. Бұған дейін сот отырысында күдікті Толыбаеваның құрбысы Жайна Ізтілеуова 19 шілде күні Сұлтан Қиясовтың үйінде болғанын, ол Жанарға хабарласып, Нұралыны табуын сұрағанын айтқан.

Одан бөлек, Ізтілеуова төртеуінің де Сұлтанның үйінде тұрғанын жеткізген.

Сондай-ақ, күдіктінің құрбысы үш күдікті үйге келгенде Сұлтанның інісіне ұрысқанын, көлігін алып қоямын деп қорқытқанын мәлім етті.

Сұлтан Қиясов Нұралыдан екі жас үлкен.

Осыған дейін Ізтілеуова күдікті Жанар Толыбаеваның оқиға болған күні Қапшағайға демалуға барғанын, оның көңіл-күйі де көтеріңкі болғанын алға тартқан.

Ал бүгін сотта оқиға орнына бірінші жеткен полицей Азамат Нұрпейісов не көргенін баяндады.

Бұған дейін қорғаушы Арман Құдайбергенді босатып жіберген астаналық полицейлерді жазаға тартуды сұраған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel