RU
Қатарынан бес қыз тапқан астаналық әйелдің күйеуі жас тоқалға кетіп қалған
Жаңалықтар Қоғам

Қатарынан бес қыз тапқан астаналық әйелдің күйеуі жас тоқалға кетіп қалған

Рассказать Вконтакте

Бес қызды бірінен кейін бірін әкелген астаналық келіншекті жолдасы тастап кеткен. Мамандар қазіргі күні мұндай оқиғалардың жиілеп кеткенін алға тартуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: mama12.ru

Көрнекі фото: mama12.ru

Астанада жолдасына бес қыз сыйлаған көп балалы келіншекті жолдасы тастап кеткен. Қырықтан асқан отағасы әйелінің ұл таппағанына наразы болған.

"Ер адамның психологиясы ерекше, олар өздерінен кейін ұрпақ қалдырсам дейді. Алайда, кейбір отбасыларда тек қыздар дүниеге келіп жатады. Мысалы менің тәжірибемде осындай жағдай болды. Осы астаналық келіншек жолдасына қатарынан бес қыз сыйлаған. Алайда күйеуі оған "ұл таппадың" деп тастап кеткен.

Жай ажырасса бір сәрі, отбасылы кезінде көзіне шөп салып, басқа жас әйелге кетіп қалған. Болмаса "бәріне шыдайсың, тоқалым" болады деген.

Бірақ келіншек оған көнбеген, сөйтіп ажырасып кеткен. Өкініштісі, қазір мұндай жағдайлар өте көп. Ер адамның түгі кеткен жоқ, жаңа отбасын құрып, өз жөнімен кетті. Ал әйел адам қатты қиналған, салдарынан осылай күйзеліске түсіп, психолог жағалап кеткен.
Қыз-ұл деп бөлетіні жоқ, сәбидің бәрі өз қаның. Сондықтан әлгі әйелге барынша жұбату айтып, өмірге деген көзқарасын өзгертуге тырыстық. Қазір әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз, далада қалған жоқ. Қыздарын бағып, жұмысын тәп-тәуір істеп жүр", - дейді психолог маман.

Сонымен бірге ол өзінің қабылдауына өрімдей жас қыз-жігіттердің жиі келетінін айтты.

"Өмір болған соң ересектердің арасында түрлі жағдай болатыны рас. Бірақ жастарға не жетпейтінін түсінбеймін? "Өлдім, талдым, жігітім тастап кетті" деп ботадай боздап жылап келеді. Ондай қыздарға тіпті не деп кеңес беретініңді де білмейсің.

Жастық шақта бәрі болады, сүйіктіммен ажырастым деп, олай салы суға батып кетуге болмайды. Ондайда біз "демек сіздің адамыңыз емес, басқа біреуді кездестіресіз" дейміз. Психологтың кеңесіне көп жағдайда әйел адамдар жүгінеді. Қанша дегенмен, әйелдердің жүрегі де, жаны да нәзік. Өмірдің кей қиындықтарына төтеп бере алмай жатады", - дейді маман.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel