RU
Бергей Рысқалиев Атырауға сотқа шақырылды
Жаңалықтар Қоғам

Бергей Рысқалиев Атырауға сотқа шақырылды

Рассказать Вконтакте

Атырау облыстық соты өңірдің бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығына қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының аяқталған хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Time.kz

Фото: Time.kz

Бұрынғы әкім Қылмыстық Кодекстің 176 б. 4 б. "а, б" тармақтарымен, 177 б. 3 б. "а, б" тармақтарымен, 192-1, 235 б. 4б., 235-1 б. 4,5, б. 307 б. 4 б., 311 б. 5 б. көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған.

"Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен іске қатысушыларға сот жарыссөзіне дайындалу үшін 2019 жылғы 14 қаңтарға сағат 10:00-ге дейін уақыт берілді.
Сотқа Б.С.Рысқалиевпен бірге, Қазақстанның аумағынан тыс жерде жүрген және  сотқа келуден жалтарып жүрген Рысқали Аманжан Сәулебайұлы, Рүстем Саламатұлы Әлбақасов, Мұрат Жұрұмбайұлы Желдібаев, Ізбасар Ерболат Өтеуұлы, Нұрлан Қанатұлы Жұлмағанбетов, Айбат Сүеуұлы Сүлейменов және Артем Григорьевич Даневич сырттай берілді.
Жоғарыда аталып өткен сотталушыларға ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 330, 383 және 384 баптарына сәйкес сот жарыссөзіне қатысуға, сондай-ақ соңғы сөзді сөйлеуге құқылы екендері түсіндіріледі, ол үшін тағайындалған уақытта Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 140, №1 зал мекен-жайы бойынша келуі қажет", - делінген Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Бергей Рысқалиев 71 млрд теңге жымқырды деп күдіктелуде. Ол Атырауда сырттай сотталып жатыр.

Ал соңғы ақпараттар бойынша қашып кеткен Рысқалиев Ұлыбританияда тұрып жатыр.

Ол Қазақстанда ірі ақша жымқырулар мен алаяқтық , ақшаны заңдастыру және Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық ету фактілері бойынша айыпталуда.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel