RU
Денис Тен өлімі: Күдіктінің пышақ сатып алған сәті видеоға түсіп қалған
Жаңалықтар Қоғам

Денис Тен өлімі: Күдіктінің пышақ сатып алған сәті видеоға түсіп қалған

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өліміне қатысты өтіп жатқан соттың кезекті отырысында қаладағы дүкендердің бірінде қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін атқаратын Арман Шәріпов те куәлік берді. Ол күдікті Арман Құдайбергеннің шілденің 17-нен 18-не қараған түні пышақ сатып алғанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қауіпсіздік қызметкерінің айтуынша, құқық қорғау органдары дүкеннен штрих-кодпен сатылатын пышақтар туралы ақпарат сұраған.

"Біздің нысан толықтай бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Біз барлығын тексеріп, қандай пышақ сатылғанын анықтадық. Сол кезде мен видеодан Арман Құдайбергенді таныдым. Оның белгісіз көлікпен келгенін көрдім. Ол Mazda маркалы көлік болуы мүмкін.
Артынша автокөліктен үш адам түсті. Бір қыз бен жігіт көлік тұрағында қалса, Арман ас үй құралдары сатылатын бөлімге кіріп кетті. Ол 5-7 минуттың ішінде 10 сантиметрлік пышақты алып, қолғап сатылатын бөлімге өтті. Ал ол жақтан мақта-маталы қолғап алды. Кассада ол пышақ, қолғап және сағыз үшін ақша төледі", - деді Шәріпов.

Айта кетейік, бүгін Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Онда оқиға орнына бірінші болып жеткен полицей не көргенін баяндап берді.

Ал күдікті Нұралы Қиясовтың ағасы сотта куәлік беруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз
8
1
2
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel