RU
Абай ауылында жеті жасар баланы зорлаған күдіктіге сот үкімі шықты

Абай ауылында жеті жасар баланы зорлаған күдіктіге сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте былтыр бүкіл елді шулатқан Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорлығына қатысты іске нүкте қойылды. Күдікті жасөспірім жеті жылға сотталған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Cот отырысы Түркістан облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында жабық режимде өтті.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121 бабы, 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады", - дейді судья С.Темірәлиев.

Сот үкімі оқылған сәтте айыпталушының анасының денсаулығы сыр берген.

Сотталушының қорғаушысы апелляциялық шағым түсіретіндіктерін айтты.

Жәбірленуші тараптан сот процесіне 7 жасар баланың анасы мен әжесі қатысқан. Баланың өзі әкелінген жоқ.

Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданындағы Абай ауылынан шыққан сексуалды сипаттағы дау бүкіл елде ғана емес, алыс-жақын шетелде дүрбелең тудырған болатын.

Айта кетейік, cот алдына келген жалғыз айыпталушы 2002 жылы дүниеге келген жасөспірім.

Сіздің реакцияңыз
4
3
1
8
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel