Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң қашан қабылданды?

Опубликовано:

Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң осы жылдың маусым айында қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Астанадағы №59 мектепте өткен қоғамдық тыңдау барысында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: rebenok.by
Көрнекі фото: rebenok.by: Depositphotos

Оның сөзінше, қазіргі уақытта құжат мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің келісімінен өтуде. Сонымен қатар мұғалімдерден ұсыныс қабылдау жұмысы да жалғасуда. Жалпы, заң жобасы ақпан айында Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауына енгізіледі. Оған дейін Үкіметте талқыға түседі.

"Ақпан айының басында заң жобасы мәжіліске енгізіліп, онда депутаттар құжатты ары қарай өңдейді. Содан кейін Сенаттың қарауына өтеді. Ал маусымда еліміздің Президенті аталған заң жобасына қол қоятын болады. Оған дейін 300 мың педагог оны тыңғылықты оқып, зерделеп, өз ұсыныстарын енгізулері қажет", - деді вице-министр.

Суханбердиеваның айтуынша, заң жобасымен 60-тан астам мұғалім жұмыс істеген. Олардың қатарында барлық санаттағы ұстаздар болған.

"Топ шетелдердің, оның ішінде Финляндияның ұқсас заңдарын зерделеп шықты. Дегенмен, негіз ретінде ТМД-ның педагог мәртебесі туралы модельдік заңы алынды және осы заңға біз өзіміздің түзетулерімізді енгіздік", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772588-mgalimderdi-mrtebesi-turaly-za-kasan-kabyldandy/

pixel