RU
Алматылық 38 жүргізушінің жүк көлігін үкімет тартып алмақшы
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық 38 жүргізушінің жүк көлігін үкімет тартып алмақшы

Рассказать Вконтакте

Үш жыл бұрын көліктері контрабандалық тауар тасыды деген айыппен тартып алынған 38 жүргізушінің мүлігі мемлекет пайдасына тәркіленеді деп хабарлайды КТК арнасы.

ntv.ru

Көрнекі фото:ntv.ru

Жүк тасымалдаушылардың сөзінше, олар 2015 жылы келісім бойынша, Қытайдан Қырғызстанға тауар алып өтпек болған. Қарасу бекетіне жеткенде кеденшілер олар тиеген тауардың контрабандалық жолмен өткенін анықтаған. Бірақ жүргізушілер көліктегі тауарға өздерінің қатысы жоқ екенін алға тартып отыр.

Христофор Косов көлігін анасының үйін сатып алған екен. Оның сөзінше, олар Қытай жағынан да, Қорғас бекетінен де кедергісіз өткен. Құжаттың бәрі дұрыс болған. Қазақстаннан Қырғызтанға өтетін Қарасу бекетінде де бастапқыда бәрі заңды болған. Тек жүргелі тұрғандарында кеденшілер оларда контрабандалық тауар бар екенін айтқан.

"Бұл көліктің арқасында мен отбасымды бағып отырмын. Қазір не жұмыс жоқ, не көлікті сата алмаймыз. Бұл әрең дегенде қолымыз жеткен көлік болатын",- деп күйінді жүргізуші Тәңірберген Қожағелдиев.

Алайда құзырлы орган өкілдері контрабандалық тауар тасымалы бойынша, бір адамның сотталғанын айтады. Ал жүк көліктері қылмыстық істе айғақ зат есебінде тіркелген көрінеді.

Көлік иелерінің адвокаты болса, жүргізушілер тек тауарды аман-есен жеткізуге ғана жауапты екенін алға тартып отыр. Оның сөзінше, жүк тасымалдаушылар көлігінен айырылып қана қоймай, қара тізімге де енгізілген.

"Шағым айтып бармаған жеріміз жоқ. Апелляциялық сот, жоғарғы сот және бас прокуратураға дейін бардық. Еш өзгеріс жоқ. Куәгерлердің көлігін қалай қылмысқа қатысы бар деп айта аламыз?", - деді адвокат Елжас Молдақашев.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
10
2
3
3
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel