RU

Теміртауда мектеп отқа оранды

Бүгін, 10 қаңтар күні Теміртау қаласында №1 мектеп өртенді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Times.kz
Көрнекі фото:Times.kz: Instagram

Өрт сағат 17.12 шыққан.

Мектептен 21 адам эвакуацияланған, оның 15 оқушы.

«Мектептің жертөлесіндегі шеберханада 0,2 шаршы метр аудандағы қоқыстар өртенген», - деп хабарлады Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Жапа шеккендер мне құрбандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 17 адамы және алты өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772596-temirtauda-mektep-otka-orandy.html