Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тозақтан шығардық": Абаев Сириядан оралған қазақстандықтар жайында пікір білдірді

Опубликовано:

Ақпарат және коммуникация министрі "Хабар" арнасының "Открытый диалог" бағдарламасында Сириядан оралған қазақстандықтар туралы айтты деп жазады NUR.KZ.

bnews.kz
Фото:bnews.kz: UGC

Сұқбат барысында Дәурен Абаев қазақстандықтардың Сириядан оралуына тоқталып өтті.

"Біздің арнайы қызмет жасағымыз отандастарымызды "нағыз тозақтан" алып шықты десем қателеспеспін", - деді Абаев.

Министрдің сөзінше, Елбасы операцияның жүргізілуін бақылауда ұстаған. Сонымен қатар СІМ мен ҰҚК де міндеттерін жоғарғы деңгейде орындапты.

"Ол жақта көпшілік алдында өлім жазасына кесу, тонау қалыпты нәрсе. Балалар әскери лагерлерде жаттықтырылды. Әйелдердің күйеулері өлсе, оларды басқа еркектерге үйлендірген", - деді министр.

Абаевтің сөзінше, мұндай сұмдықты көргендердің көбі қашуға бел буған, алайда ылаңкестер қашқындарды ұстап, жазалайтын арнайы жасақтар құрған.

Сонымен қатар, лагерлерден шығатын жолдардың бәріне мина қойылған. Министр ылаңкестердің басшылығына сын айтқан қазақстандықтардың өлім жазасына кесілгендігін еске салды.

Әйелдер мен балалар лас шатыр лагерлерде өмір сүрген.

Сирия жайындағы әңгімесін аяқтай келе, Абаев арнайы операция туралы білгенде, қазақстандықтар барлық құнды заттарын сатып, тауық сатып алып, мерекелік дастархан жайғандарын айтты.

Еске сала кетейік, Сириядан "Жусан" операциясының аясында отанына 47 қазақстандық азамат қайтарылды. Оның ішінде алты ер адам, 11 әйел адам мен 30 бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772598-tozaktan-sygardyk-abaev-siriadan-oralgan-kazakstandyktar-zajynda-pikir-bildirdi/

pixel