Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Әли Ахмедов әлемнің ең үздік 25 боксшысы тізіміне енді

Опубликовано:

Қазақстандық жас спортшы Әли Ахмедов Standingeightcount басылымының нұсқасы бойынша, әлемнің үздік 25 боксшысы қатарына енді. Бұл туралы Вконтакте желісіндегі «Профи бокс Казахстана» тобында жарияланған деп жазады NUR.KZ.

sports.kz
Фото:sports.kz: Twitter

23 жастағы Әли кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген. Ол Р4Р-рейтингінің 24-ші орнына орналасқан.

«Ауыр салмақтағы қазақстандықтардың алғашқы үміті - Әли Ахмедов. Бұл бокстың ең үлкен бір сыры. Оның 2019 жылы АҚШ-қа қоныс аударуы бәрін өзгертеді», -деп жазылған басылым материалында.

Рейтингте бірінші орынға жапондық боксшы Наоя Иноуэ орналасқан.

Еске сала кетейік, Әли Ахметов Головкин командасында. Соңғы кездесуде ол Джованни Хавьер Гоместі нокаутпен жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1772604-kazakstandyk-li-ahmedov-lemni-e-zdik-25-bokssysy-tizimine-endi/

pixel