RU

Астана тұрғыны 555 рет жол ережесін бұзған (видео)

Астаналық тұрғын 555 рет жол ережесін бұзып, оған 6 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Ер адам Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмір тағып алып жүрген деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фото:russianchicagomag.com
Фото:russianchicagomag.com: Instagram

Астана жолдарында жүрген отыз көлік иесінің айыппұлы миллиондаған теңгені құрады. Оларды қазір полиция іздеу үстінде. Ал оларға тиісті айыппұлдың жалпы сомасы 106 858 960 теңге болған

6 225 405 теңге айыппұл жол ережесін 555 рет бұзған жүргізушіге тиесілі.

"Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Осы уақытта Астана аумағындағы сондай-ақ барлық "Рубеж" бекеттеріндегі көлік қозғалысын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар азаматтар анықталды.

Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772624-astana-trgyny-555-ret-zol-erezesin-bzgan-video.html