RU

Атырау тұрғыны бес мың теңге үшін бес жылға сотталып кетті

Атырау тұрғыны бес мың теңгге 0,86 грамм марихуана сатқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін №2 қалалық сотта 45 жастағы азаматқа қатысты сот үкімі шыққан деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Көрнекі фото: chita.bezformata.com
Көрнекі фото: chita.bezformata.com: Twitter

Азамат Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-тармағы (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпталып отыр.

Ім материалдарына сәйкес сотталушы өткен жылдың қазанында танысына 5 мың теңгеге 0,86 грамм марихуана сатқаны анықталды.

"Сот отырысында сотталушы мен оның адвокаты кінәсін мойындау туралы келісім түріндегі іс жүргізу келісімін жасауға өз еріктерімен ниет білдірген. Олар іс-әрекеттің саралануына, іс бойынша дәлелдерге және тағылған айыптарға дау айтпады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде.

Жағдайды ескере отырып, сот 45 жастағы атыраулық азаматты бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772631-atyrau-trgyny-bes-my-tege-sin-bes-zylga-sottalyp-ketti.html