Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда аяусыз өлтірілген такси жүргізушісінің денесі табылды

Опубликовано:

Талдықорғанда такси жүргізушісін белгісіз біреулер аяусыз өлтіріп кеткен. Қазір 42 жастағы ер адамның өліміне қатысты істі полиция тергеу үстінде деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:zapad24.ru
Фото:zapad24.ru: Instagram

Ер адам желтоқсан айының соңында із-түзсіз жоғалып кеткен.

"Golf 3" маркалы өртенген көліктің фотосы жергілікті kris_p_tdk парақшасында жарияланған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес қылмыстық тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Автокөлік 5 қаңтарда табылды. Тексеру кезінде иномарка өткен жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. 7 қаңтарда табылған зардап шегушінің мәйітінде зорлық пен өлтірудің айқын белгілері бар", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772632-taldykorganda-aausyz-ltirilgen-taksi-zrgizusisini-denesi-tabyldy/

pixel