RU
Туған анасын іздеп тапқан ақтөбелік жігіттің көңілі су сепкендей басылды

Туған анасын іздеп тапқан ақтөбелік жігіттің көңілі су сепкендей басылды

Рассказать Вконтакте

Осыдан тоғыз жыл бұрын ақтөбелік азамат өзін 1993 жылы тастап кеткен биологиялық анасын іздей бастаған. Алайда біршама уақыттан соң туған жанұясын тапқан Артурдың қуанышы су сепкендей басылған деп хабарлайды "Диапозон" баслымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: guff.com

Көрнекі фото: guff.com

16 жасында әпкесімен ұрысып қалған Артур өзінің асыранды екенін біледі. Содан бері жас жігіт барлық тиісті жерлерге барып, БАҚ өкілдеріне хабарласады. Ақырында өз дегеніне қол жеткізген ол анасын тауып алған.

"Мен оның деректерін тауып, "Одноклассники" желісіндегі парақшасына кірдім. Біз қатты ұқсайды екенбіз. Ол Ақтөбеде тұратын болып шықты. Ол алғашында менің анам емес екенін айтқанымен, артынша барлығын мойындады", - дейді Артур.

Араға көп уақыт салмай жас жігіт анасымен қауышып, өз тарихын естиді.

"Ол 16 жасында жүкті болып қалған. Ата-анасына айтуға қорқыпты. Туған анамның сөзінше, әпкем мені перзентханада тастап кетуді айтқан екен. Мен өзім де жас әкемін және өз баласын қалай тастап кетуге болатынын түсінбеймін. Осы уақытта менің ата-анам бала асырап алғысы келіп жүрген", - деді азамат.

Туған анасынан бөлек Артур оның жұбайымен, әпке-інілерімен және ата-әжесімен танысқан екен.

"Оның үлкен отбасы бар. Аға-әпкелері көп. Анам тұрмысқа шығып, үш ұл бала өсіріп отыр. Ал адамдар менің әкемді төбелесте өлтіріп кеткен деседі. Алайда, мүрдені көрсеткен жоқ. Маған ауыр тигені - биологиялық анамның мені тастап кеткен соң тағы да үш ұлды босануы. Мен оны түсінуге тырыстым. Бірақ ол жақтан ешқандай жылулық пен қызығушылық көрмедім. Мен оны ара-қатынасымызды дұрыстау үшін кішкене де болса күш сала ма деп күттім", - дейді күйінген жігіт.

Артур жанұясын тапқан соң жұмысын ауыстырып, күйзеліске түскен.

"Маған қатты ауыр болды. Мен үш-төрт айдың ішінде есімнен адаса жаздадым. Тіпті, көшеге шыққым келмейтін жағдайға ұшырадым. Туған анам көрсетпеген қолдауды ата-анам, ағам мен жұбайым көрсетті. Олар болмаса не істейтінімді білмеймін. Жақындарым мені туған жанұямды іздегенде еш жазғырған жоқ. Мен тіпті, оларды таныстырғым келді. Арада көп уақыт өткенін түсінемін. Бірақ, ол менің өмірімді өзгерткенін түсінуі керек қой. Балалар еш нәрсеге кінәлі емес, мен өмірімнің бұлай болғанын қаламадым. Менің қазіргі әке-шешем мені өсірді. Мен туған ата-анамды іздегенім үшін олардан ұяламын. Енді мен өзіңді сатып кеткен адамды іздемеу керек екенін ұқтым", - дейді Артур.

Өз тәжірибесіне сәйкес, Артур екі ақтөбелікке жақындарын табуға көмектескен. Ал аналарымен өткен алғашқы кездесуге жігіттің өзі де барған.

"Бір қызға анасын Оренбургтан табуға көмектестім. Анасы оны 15 жасында туып, тастап кеткен. Қазір ол қызына асығып тұрады, жанұясы да жақсы қабылдады. Енді ол Ақтөбеге көшуді жоспарлап отыр. Біз қазір де араласып тұрамыз. Мен оларға қатты қызығамын. Ал екінші жағдайда келіншек өз баласын қаламады. Ол жеке, өзі тұрады екен. Менен өзін неге іздегенін сұрап, ұлымен кездескісі келмейтінін айтты", - дейді ол.

Артур ақырында жағдайды тура солай қабылдап, ештеңені өзгертуге тырыспау керектігін айтты. Ол аналарын тапқысы келетін балаларға жүректерін ауыртпауды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
20
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel