RU
NUR.KZ журналисінің қазасы: Күдікті әйелін өлтіргісі келмегенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

NUR.KZ журналисінің қазасы: Күдікті әйелін өлтіргісі келмегенін айтты

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ журналисті Ирина Бекетаны өлтірді деп айыпталған азаматтық некедегі күйеуі әйелін өлтіргісі келмегенін мәлімдеді. Астана қаласында Анатолий Гусейновтың ісін қарау басталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан скриншот

Коллаж:Видеодан скриншот

34 жастағы ер адам кінәсін жартылай мойындап отыр. Ол әйелін өлтіру ойында болмағанын, жай ғана қызғаныштан ұрмақ болғанын айтып отыр.

Ирина үйінің ауласында басына тиген ауыр соққы салдарынан үш жарым ай бұрын көз жұмған еді.

Тілшінің артында төрт баласы қалды. Соның екеуі Анатолий Гусейновтың балалары.

Айыпталушының туыстары үш жылдай азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптының үнемі дауласатындарын, айыпталушының әйеліне бұдан бұрын да қол көтергенін жеткізді.

"Інім қол көтерсе, үйден қуып шық деп Иринаға талай ескерттім. Бірақ, мені тыңдамай Анатолийдің қорлығына төзіп келді. Жақсы көрді ма немесе оны аяған шығар", - деді Анатолийдің әпкесі Александра.

Еске сала кетейік, Ирина Бекетова 2018 жылы 25-ші қыркүйекке қараған түні көз жұмды. Оның өліміне азаматтық некедегі күйеуінің қызғанышы себеп болған.

Кеше Астана қаласында осы іске қатысты сот басталды.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel