RU

Шымкенттік әжей жындарды қуамын деп үйінен айрылып қала жаздады

Шымкент қаласында 85 жастағы қария пәтеріндегі жындарды отпен қуамын деп үйін өрттеп алды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Көрнекі фото: Днепр Час
Көрнекі фото: Днепр Час: Facebook

Оқиға Шымкент қаласының А.Асқаров көшесінде орналасқан жатақханада болған.

85 жастағы зейнеткер пәтеріндегі "жын шайтандарды" отпен қумақ болыпты. Оның соңы өртке ұласқан.

Көршілері дер кезінде өрт сөндірушілерді шақырыпты. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері де жеткен.

Зейнеткерге алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға алып кеткен.

Көршілерінің айтуынша, қарт әжей психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен.

Өрт салдарынан қарияның жиһазы өртеніп, жатахананың ішін көк түтін тұмшалаған.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772644-symkenttik-zej-zyndardy-kuamyn-dep-jinen-ajrylyp-kala-zazdady.html