RU
Алматыда жол апатынан аман қалған танымал актрисаның оңалуына төрт ай қажет

Алматыда жол апатынан аман қалған танымал актрисаның оңалуына төрт ай қажет

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваның толық оңалуы үшін төрт ай қажет деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Бірнеше күн бұрын жансақтау бөлімінен травматологияға ауыстырылған актрисаның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.

"Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Түскен сәттен бастап диагностикалық шаралар өткізілді. Оған қосарланған ауыр жарақат, жабық бас-ми жарақаты, жабық кеуде жарақаты, сол жақтан көптеген қабырғалары мен сол жақ қол сүйектерінің сынуы, травматикалық шок диагнозы қойылды", - деді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов.

Еске сала кетейік, 29 желтоқсан күні Алматы қаласында жантүршігерлік жол апатынан үш адам ажал құшты. Олардың арасында танымал актриса Шолпан Елгезек те болған.

Ал қайғылы оқиғадан аман қалған танымал актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен еді.

Кейінірек, жол апатына кінәлі азамат ұсталды. Оның көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel