RU
Қызылордада дәретхана қаптаған үйде тұрып жатқан тұрғындар жанайқайын жеткізді

Қызылордада дәретхана қаптаған үйде тұрып жатқан тұрғындар жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Қызылордада бірнеше көпқабатты үй тұрғындары дәретханалардың арасында күн кешіп жатыр. Кәріз жүйесі болмағандықтан тұрғындар әр отбасына даладан әжетхана салуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Әжетхана тұрғызып, әбігерге түскен халық басқа баратын жерлері жоқ екенін, ал әкімдіктен еш көмек болмай жатқанын айтады.

Олардың сөзінше, қаз-қатар тізілген дәретханалар арасында тұрмақ түгілі аяқ басып жүрудің өзі жиіркенішті.

"Балалар алаңда айналып ойнайды. Терезеден шығып, "Кет, дәретханаға түсіп кетесің" деп жатамыз", - дейді Күлжаһан Нұрсейітова.

Балалар алаңқайының орнына тұрғызылған әжетханалардан шығатын иіс тұрғындарды әбден шаршатқан.

"Жаздың күн далада жүру мүмкін емес. Бір терезмізді ашып, ауа жұта алмаймыз, тек қана сасық иіс жұтамыз. Әкімдер де келіп жатыр, бірақ ешқандай нәтиже көріп жатқан жоқпыз", - деді Әмина Құрманбаева.

Ал әкімдіктің ісі әлі күнге дейін тек кездесумен шектеліп жүр екен.

"Біз әлі де кездесу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мүмкіндігінше жөндеуге жарамды үйлерді жөндеуден өткізіп, қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеудеміз", - дейді Қызылорда қалалық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Елдос Сомтеміров.

Шенеунік кәріз жүйесін қалыпқа келтіріп, талапқа сай әжетхана мәселесін қашан шешілетінін дөп басып айта алмады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel