RU
Арман Құдайбергенов: Полиция басқармасына жеткізгенше қысым көрсетті
Жаңалықтар Қоғам

Арман Құдайбергенов: Полиция басқармасына жеткізгенше қысым көрсетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында күдіктілер жауап беруде. Бірінші болып сот алдына келген Арман Құдайбергенов не себепті басында адам өлтіру қылмысын мойындап, артынан ол райынан айнып қалғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Алматы полиция департаменті

Фото: Алматы полиция департаменті

Сотта Арман Құдайбергенов не себепті өз жауабын өзгерткенін түсіндірді. Күдіктінің айтуынша, ол тұтқындалған сәтте тәртіп сақшылары тарапынан қысым көрген.

"Мойындатты ғой. Мені шамамен, Төле би -Момышұлы жақта тұтқындады. Ұсталғаннан кейін маған полиция басқармасына жеткізгенше қысым көрсетіп, мойындатты. Қорықтым, сол себепті мойындадым. Бірақ, артынан олай жасағаныма өкіндім. Ол қылмысты жасамағанымнан оны мойындаудан бас тарттым. Жауабымды өзгерттім. Бұл күнәні өзіме алғым келмейді, жасамаған соң" , - деді сотталушы Құдайбергенов.

Еске сала кетейік, Алматыда марқұм Денис Теннің ісіне қатысы сот отырысы жалғасуда.

Бүгінгі тыңдалымды күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов оқиғаның қалай болғанын баяндап, спортшының анасы мен қазақстандықтардан кешірім сұраған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
6
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel