Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Құдайбергенов Жанар Толыбаеваға үйленбекші болғанын жеткізді

Опубликовано:

Арман Құдайбергенов Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында күдікті қызбен қарым-қатынасын баяндады. Ол өзінен жүкті Жанар Толыбаевамен қашан және қайда танысқанын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деп айыпталып жатқан Арман Құдайберген басқа күдіктілермен қалай танысқанын айтып берді.

"Жанар екеуміз 29 сәуір күні таныстық. Ол кезде достарыммен кафеге барғанмын. Сол жерде оны ұнатып, ұялы телефон нөмірін алып қалдым. Хабарласып жүрдік, арамызда ғашықтық сезім пайда болды. Мен оған Қордайға барып тұратынмын. Негізі үйленеміз деп жүрдік. Ал Нұралымен көлік жуу орталығында таныстым", - дейді ол.

Еске сала кетейік, Алматыда марқұм Денис Теннің ісіне қатысы сот отырысы жалғасуда.

Бүгінгі тыңдалымды күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов оқиғаның қалай болғанын баяндап, спортшының анасы мен қазақстандықтардан кешірім сұраған.

Сондай-ақ, Құдайбергенов не себепті басында қылмысын мойындап, кейін теріске шығарғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772676-arman-kdajbergenov-zanar-tolybaevaga-jlenbeksi-bolganyn-zetkizdi/

pixel