Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтер, көлік пен тікұшақтар: Алматылықтардан 600 млн теңге тәркіленді

Опубликовано:

Алматыда 2018 жылы қымбат автокөліктер, тікұшақтар мен қомақты ақша сомасы тәркіленді. Бұл туралы қалалық Әділет департаментінде хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: heli.spb.ru, autowall.ru
Көрнекі фото: heli.spb.ru, autowall.ru: Twitter

Сонымен, өткен 12 айда әкімшілік және қылмыстық істер бойынша мемлекет кірісіне 15 бірлік жылжымайтын мүлік – пәтерлер мен паркингтер, 25 автокөлік – соның ішінде Toyota Land Cruiser Prado, Mercedes-Benz, BMW, Lexus, Nissan Patrol, Hyundai Avante және премиум-сыныпты жол талғамайтын көліктер алынған.

Тәркіленген мүліктің ішінде Bell, Eurocopter тікұшақтары да бар.

Сондай – ақ, 500 миллион теңге, 240 мың доллар, 52 мың Ресей рублі, 65 мың еуро мен алкоголь, темекі өнімдері, теледидар және ұйымдастыру техниксы, ұялы телефондар мен аксессуарлар тәркіленді.

Оған қоса, жалпы көлемі 1,5 гектар болатын төрт жер учаскесі алынып, 87 ШОБ нысаны тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772697-pter-klik-pen-tiksaktar-almatylyktardan-600-mln-tege-trkilendi/

pixel