Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада үйіне келе жатқан әйелді белгісіз ер адам аяусыз ұрып кеткен (видео)

Опубликовано:

Астана қаласының "Астана-1" теміржол вокзалының маңында үйіне кеш қайтқан әйел адамға шабуыл жасалды деп хабарлайды «NewTimes.kz» егенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Уфимские вести
Көрнекі фото: Уфимские вести: Facebook

Оқиға тоғызыншы қаңтар күні Диваев көшесінің маңында болған.

Шабуылдың видеосы astanovka98 Instagram паблигінде жарияланды.

Әйел адам түнде жұмысынан қайтып келе жатқан. Үйіне жетуге біраз жер қалғанда арт жағынан келген ер адам оны жерге құлатып, ұрып-соққан. Ол аздай тұншықтыра бастапты.

Айта кететін жайт, белгісіз азамат ештеңе ұрламаған.

Сол сәтте көмекке шақырған дауысты естіген көршісі сыртқа шыққанда, шабуылдаушы ер адам қашып кетіпті.

Жәбірленген әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Әйел адамның ауыр жарақаттар алғаны хабарланды.

«35-40 жас аралығындағы, 170-175 см бойлы ер адам іздестірілуде. Үстіне қара күртке мен құлақшын киген. "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті.

Астаналық полиция департаменті қала тұрғындарын жәрдемдесуге шақырды.

«Қандай да бір ақпаратты білгендер, «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасына келсін немесе төменгі телефондарға хабарлассын: 8 (7172) 71-66-76, 71-66-40, 8 701 128 81 85 или на 102», — деді полиция департаментіндегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772708-astanada-jine-kele-zatkan-jeldi-belgisiz-er-adam-aausyz-ryp-ketken-video/

pixel