RU
"Пышақпен қорқытқан": Алматыда оқушының телефонын ұрлаған жігіт іздестірілуде
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Пышақпен қорқытқан": Алматыда оқушының телефонын ұрлаған жігіт іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Алматыда белгісіз біреу мектеп оқушысының телефонын ұрлаған. Оқиға кеше қалалық автобустардың бірінде болды деп жазады NUR.KZ.

Фото: kris_p_kz/instagram

Фото: kris_p_kz/instagram

Оқиға туралы ақпарат пен күдіктінің суреті Instagram желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланды.

Автордың айтуы бойынша, ер азамат қыздың телефонын ұрлап алған. Жоғалғанын білгеннен соң, құрбысы оның нөміріне хабарласыпты.

Телефон жолаушылардың бірінің қалтасынан шырылдаған. Мектеп оқушылары ұялы телефонын қайтаруды көпшіліктің алдында сұрапты. Сол арада аялдамадан бір жігіт тез арада түсіп қалыпты.

"Аялдамада ұры түсіп қалған. Оның артынан қыздар да түсіп, күдіктіні суретке түсіріп үлгерген. Осы уақытта басқа бір жігіт келіп пышақпен қорқытыпты. Бұларды танитын біреу бар ма?", - деп жазған автор.

Қалалық полиция департаментінде жәбірленушінің арызы қабылданған. Бұл туралы Zakon.kz сайты жазды. Қылмыскерді құрықтау үшін жедел тобы құрылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel