Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда актрисаның өмірін қиған жүргізуші түнгі клубта көңіл көтерген

Опубликовано:

Алматыда белгілі актрисамен бірге тағы екі адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер пайда болды. Полиция департаменті қайғылы оқиғаға себепкер болған Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі туралы мәліметтермен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Фото: zakon.kz/ instagram.com/elgezekova.sh
Фото: zakon.kz/ instagram.com/elgezekova.sh: UGC

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұровтың сөзінше, Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі жантүргшігерлік апатқа дейін түнгі клубта болыпты. Ол темір тұлпарды мас күйінде жүргізген.

"Барлығымыз Gelandewagen иесі себепкер болған жол апатынан үш адам қайтыс болғанын білеміз. Алайда, жүргізушінің осы уақытқа дейін "Grand Operа" түнгі клубында болғанын, ол жақтан мас күйінде шыққанын біреу білсе, біреу білмейді", -деді полиция полковнигі.

Бұған дейін полицейлер тәртіп орнатылатын көңіл көтеру орталықтарының тізімін жариялаған.

Департаментте анықталғандай, осындай орындарда төбелес пен өлімге әкелетін текетірестер орын алады және есірткі сатылады. Қазір барлығы билік бақылауында.

Еске сала кетейік, 29 желтоқсан күні Алматы қаласында жантүршігерлік жол апатынан үш адам ажал құшты. Олардың арасында танымал актриса Шолпан Елгезек те болған.

Ал қайғылы оқиғадан аман қалған танымал актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен еді.

Кейінірек, жол апатына кінәлі азамат ұсталды. Оның көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772723-almatyda-aktrisany-mirin-kigan-zrgizusi-tngi-klubta-kil-ktergen/

pixel