RU
Қостанайдың бұрынғы әкімі өзін түрмеден тезірек шығаруды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайдың бұрынғы әкімі өзін түрмеден тезірек шығаруды сұрады

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов өзін шарты түрде босату туралы сұрады. Оның өтініші келесі аптада № 2 Қостанай сотында қарастырылады деп жазады Костанайские новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Костанайские новости

фото: Костанайские новости

Бұл Ахмедбек Ахметжановтың шартты түрде босатылуы туралы екінші әрекеті.

Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының Жарма аудандық сотының бұйрығымен Қостанай қаласындағы минималды қауіпсіздік мекемесінде (колонияда) қамауда отыр.

Өткен жылы босату туралы өтiнiш жасаған кезде, сот қабылдамаған.

Ол жаңа орында жазасын жарты жыл өтемеді. Сонда да екінші рет талпынып көреді.

Естеріңізге сала кетсек, Ахметжанов 2015 жылы қыркүйек айында сотталған болатын. Сол уақытта шенеунік Қостанай қаласының әкімі қызметінен босап, Қазақстаннан кетіп қалуды ойластырған.

2016 жылдың сәуір айында мамандандырылған сот Ахметжановты 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Оның ісін Жоғары сот екі рет қарады. Нәтижесінде жаза мерзімін 7 жыл 6 айға қысқартты.

Рақымшылық жасалып, бұрынғы әкім қаладағы орташа қауіпсіздік колониясында (жалпы режимде) 4 жыл 10 ай 23 күн жазасын өтейді.

Ахметжановтың жанұясы тұрған коттедж тәркіленген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel