RU
31 көлік соқтығысқан жол апаты: 15 адам ауруханаға жеткізілген
Жаңалықтар Қоғам

31 көлік соқтығысқан жол апаты: 15 адам ауруханаға жеткізілген

Рассказать Вконтакте

10 қаңтар күні Алматы-Өскемен тас жолында 31 көліктің бір-бірімен соғысуы салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"15 науқас келді, оның үшеуін ауруханаға жатқыздық. Үшеуінің екеуі травматология, біреуі жансақтау бөлімдерінде жатыр. Жансақтау бөліміндегі науқаста жамбас сүйегінің сынуы және бас миының шайқалу белгілері бар. Қалған екеуінде дене жарақаттары және бас шайқалған", - деді Іле аудандық ауруханасындағы бас дәрігердің орынбасары Айдар Солтанғазиев.

Айта кетейік, кеше таңертең Алматы-Өскемен тас жолының 20-шақырымында 31 көлік бір-бірімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының орын алуына жолдың тайғақтығы себеп болған деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel