RU
Атырауда жүкті әйелдің қол-аяғын байлап, 23 млн теңгесін тартып алды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда жүкті әйелдің қол-аяғын байлап, 23 млн теңгесін тартып алды

Рассказать Вконтакте

Атыраудағы "Томирис" тұрғын үйінде тұратын жүкті әйелге өз пәтерінде екі жігіт пен бір қыз шабуыл жасап, 23 миллион теңгесін алып кеткен деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

mv.org.ua

Көрнекі фото:mv.org.ua

Оқиға сегізінші қаңтар күні болған.

Жүктіліктің алтыншы айындағы әйел күндізгі үш шамасында жұмыстарымен қалаға шықпақ болып, есігін жауып жатқанда екі ер адам оны жерге құлатып, үйіне сүйреп кіргізген. Сол жерде аяқ-қолын скотчпен байлап, аузын жапсырып, диванға тастаған.

Сол сәтте әйел адам үйге бір қыздың кіргенін байқаған. Ұрылар әйел адамның жаңа пәтер алуға жинаған 23 млн теңгеден астам ақшасын қолды еткен.

"Олар кеткен бойда босап шығып, балконан айқайлап көмек сұрадым. Біреу «102» нөміріне телефон соғып, дереу полиция жасағы келді. Қылмыскерлер сол күні құрықталды. Полиция ақшамды қайтарып берді", - деді жәбірленуші.

Атырау облыстық полиция департаменті қарақшылық шабуыл болғанын растады.

Атыраудың үш тұрғыны құрықталған. Олар бақылау камерасына түсіп қалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарақшылар күзетілетін элиталы кешенге қалай кіргені және пәтерде сондай мөлшерде ақша бар екенін қайдан білгені әзірге белгісіз, бұл тергеу барысында анықталмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel