RU

Таразда мас күйінде апатқа ұшыраған полицей қызметінен босатылды

Тараз қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы, подполковник У.Сексенбаев қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін жұмысынан босатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: top.st
Көрнекі фото: top.st: Twitter

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесінде полиция подполковнигінің қызметтік тәртіп бұзып, жол-көлік оқиғасына себеп болғаны анықталыпты.

Осылайша, ол жұмысынан босатылған.

Сондай-ақ, полицейдің тікелей басшылары, яғни Жамбыл облысының ПД ЖПҚ мен Тараз қаласының басқарма полициясы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетерлігі, 5 қаңтар күні әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің қызметтік автокөлігімен мас күйінде жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны туралы бейнежазба тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772737-tarazda-mas-kjinde-apatka-syragan-policej-kyzmetinen-bosatyldy.html