Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студенттерді балағаттап, соққының астына алған мұғалім жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Алматы облысында колледж мұғалімінің студентті аяусыз соққыға жыққан сәтін видеоға түсіріп алған. Педагогтың мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/vjarkente
Фото: instagram.com/vjarkente: Instagram

Мұғалімнің студентті соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Кадрдан педагогтың айқайлап, тәлімгердің ішінен, басқа да жерлерінен теуіп, ұрып жатқанын байқауға болады.

Оқиға 10 қаңтар күні Жаркент қаласындағы көпсалалы колледжде болғаны белгілі болды.

Алматы облысының әкімдігі бұл оқиғаның болғанын растап отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан мәлімдеді.

Білім басқармасы тексеру үшін арнайы комисия құрып, дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмыстан босатылған.

Тексеру барысы әкімдіктің тікелей бақылауында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772739-studentterdi-balagattap-sokkyny-astyna-algan-mgalim-zmystan-kuyldy/

pixel