RU

Денис Тен ісі: Нұралы Қиясовқа сот залына жедел жәрдем келді

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысына жедел жәрдем келді. Медицина қызметкерлері асқазаны ауырғанын мәлімдеген Нұралы Қиясовқа көмек көрсету үшін шақырылған деп жазады NUR.KZ.

Денис Тен ісі: Нұралы Қиясовқа сот залына жедел жәрдем келді
Нұралы Қиясов. Фото: Вконтакте: Facebook

Тағы да оқыңыздар:

Арман Құдайбергенов Денис Теннің анасы мен барша халықтан кешірім сұрады

Денис Тен ісі: Нұралы Қиясов сот алдында жауап беруден бас тартты

Арман Құдайбергенов Жанар Толыбаеваға үйленбекші болғанын жеткізді

Спортшының өліміне қатысты сот отырысында жоспардан тыс үзіліс орын алды.

Оған тыңдалым өтіп жатқан залға жедел жәрдемнің келуі себепкер болды.

Дәрігерлер Денис Теннің өліміне күдіктеліп жатқан Нұралы Қиясовтың денсаулығының нашарлауына байланысты шақырылғаны анықталды.

Ақ халаттылар күдікті азаматқа "гастрит"(асқазанның созылмалы қабынуы - ред) деген диагноз қойды.

Бірақ мамандар бұл аурудың Қиясовтың сотта сөйлеуіне кедергі келтірмеуі керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772751-denis-ten-isi-nraly-kiasovka-sot-zalyna-zedel-zrdem-keldi.html