RU

Демалысқа арналған ауа райы: Еліміздің бірнеше өңірінде күн жылиды

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген аймақтарында күн жылынады деп күтілуде. Сондай-ақ, синоптиктер кейбір өңірлерде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болатынын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: zastavok.net
Көрнекі фото: zastavok.net: Facebook

Қазгидрометтің жазуынша, 12, 13 және 14 қаңтар күндері көптеген облыстарда Сібір антициклоны әлсіреп, күн жылынады.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде боран соғып, жел күшейе түседі.

Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына оңтүстік циклоны ықпал етуіне байланысты, кейбір өңірлерде қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал.

Синоптиктер осы аймақтардың тұрғындарына қалың тұман мен көктайғақ болатынын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772763-demalyska-arnalgan-aua-rajy-elimizdi-birnese-irinde-kn-zylidy.html