Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір сот-медицина сарапшысы Денистің екі бірдей жарақат алғанын айтты

Опубликовано:

Денис Теннің мәйітіне сот-медициналық сараптама жүргізген тағы бір маман сот алдына келді. Артем Курбангалиев спортшы алған жарақат пен оның қай тұстан жасалуы мүмкін екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Тағы бір сот-медицина сарапшысы Денистің екі бірдей жарақат алғанын айтты
Денис Тен. Фото: prosports.kz: UGC

Тағы да оқыңыздар:

Денис Теннің өлімі: Күдікті Жанар Толыбаева сотта жауап берді

Денис Тен ісі: Нұралы Қиясовқа сот залына жедел жәрдем келді

Арман Құдайбергенов Денис Теннің анасы мен барша халықтан кешірім сұрады

Cот-медицина сарапшысы Денис Теннің мәйіті мен оның киім-кешегіне жүргізген тексерістің нәтижесінде белгілі болған мәліметтермен бөлісті.

"Марқұмның киімі мен іш киімі және өлімге себепкер болуы мүмкін қаруға тексеріс жүргіздік. Марқұмның денесінде анықталған екі жарақат та пышақтан болған болу керек.

Бірінші жарақаттың ұзындығы тоғыз, екіншісі төрт сантиметрді құрады. Екеуі де оң жақ санға жасалған.

Тексеріс жүргізе келе соққының оң жақтан немесе артқы жақтан да оң жағынан жасалуы мүмкін екенін айтуға болады.

Пышақ жарақатын артқы жақта тұрған адам жасаған жағдайда ол оңқай, ал алдында тұрған адам жасаса ол солақай болуы әбден мүмкін" , - деді Курбангалиев Артем.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты өткен бүгінгі сот отырысында спортшының мәйітіне сараптама жасаған Азиз Ибрахимов сөйлеген болатын.

Сонымен қатар, күдікті Нұралы Қиясовтың денсаулығы сыр беріп, сот тыңдалымы өтіп жатқан залға жедел жәрдем қызметкерлері келгенін хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772768-tagy-bir-sot-medicina-sarapsysy-denisti-eki-birdej-zarakat-alganyn-ajtty/

pixel