RU
Наzима өзін сынаған шымкенттік жерлестеріне жауап берді (видео)

Наzима өзін сынаған шымкенттік жерлестеріне жауап берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Белгілі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков қазақстандық әнші, Black Star лейблының мүшесі Наzимадан сұхбат алды. Әңгіме барысында әртіс тамыз айында туған қаласы - Шымкенттегі қолтаңба беру рәсімінің неліктен болмағанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Назиманың айтуынша, қолтаңба беру сәті балалардың қауіпсіздігі үшін өтпей қалған көрінеді.

"Біз ол жаққа бардық, бізге директор келіп, ол жақта балалардың көп екені, қоршаулар барын айтты. Ол бүлдіршіндердің екінші, үшінші қабаттан құлап кетуі мүмкін екенін жеткізді. Бір ғана қолтаңба-сессиядан балалар өліп кетуі мүмкін еді", - деді әнші.

Әртіс көшеге шығып қолтаңба бергісі келгенін, бірақ концертке асығып бара жатқанын атап өтті.

"Мен сыртқа шығайық, сол жақта қолтаңба берейін", - деп айттым. Бірақ өзіміз концертке асығып тұрғанда барлығын сыртқа шығарып, екі сағат суретке түсу қиын болып кетер еді. Сол үшін біз барлығына концертке келгенде суретке түсетінімізді айттық", - деді ол.

Наzима мен оның командасы қолтаңба сессиясының болмай қалғаны үшін концертте кешірім сұраған. Ол кештен кейін бір жарым сағат табынушыларымен суретке түсіпті.

Әнші Шымкентте өзін жақсы қабылдағанын, саханаға тіпті өзінің қызы да шыққанын айтты.

Одан бөлек, Наzима өзіне Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов ұнайтынын түртіп өтті.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel