RU
Жомарт Ертаев Қазақстанға қайтарылатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Жомарт Ертаев Қазақстанға қайтарылатын болды

Рассказать Вконтакте

Мәскеу қалалық соты прокуратураның Жомарт Ертаевты Қазақстанға экстрадициялап, құзырлы органдарға табыстау туралы шешімін заңды деп жариялады. Бұл туралы Мәскеу қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

today.kz

Фото:today.kz

Шешім бүгін қабылданған.

Еске сала кетейік, үшінші қаңтар күні "РБК Банк" АҚ-ның директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісі, қазақстандық банкир Мәскеу қаласының тергеу абақтысына отырғызылғанын хабарлаған болатынбыз. Ол онда маусымның аяғына дейін отыруға тиіс еді.

Жомарт Ертаев алғаш рет Мәскеуде 2018-ші жылдың мамыр айында тұтқындалған болатын. Оған аса ірі көлемдегі ақшаны қалтаға басты деген айып тағылған.

Сот шешімі бойынша банкир үй қамаққа отырғызылды.

Ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресейде қашқын мәртебесін алуға өтініш білдірген.

Екінші рет Ертаев 2018-ші жылдың қараша айында тұтқындалды. Бұл жолы ол ресейлік полицейлердің әрекеттеріне ЕАҚЖС-қа шағым түсірді. Ресейдің прокуратура қызметі Ертаевті тергеу абақтысына отырғызуды талап еткен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel