Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепке жетпеген: Қарағанды облысында 13 жастағы қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 13 жастағы Галина Квесиашвили 10 қаңтар күні мектепке кетіп, сол күйі үйіне оралмаған деп жазады NUR.KZ.

Отбасылық мұрағаттан
Фото:Отбасылық мұрағаттан: UGC
«Таңертең Галина әдеттегідей мектепке кеткен. Сағат екіде үйге қайтуға тиіс болған, бірақ келмеген. Әкем оны бірнеше сағат бойы күткен. Мектепте кідіріп немесе сыныптастарымен әңгімелесіп кешігіп қалды деп ойлапты.
Бірақ түстен кейін ол үйге келмеген соң, әкем сынып жетекшісіне хабарласқан. Мұғалімі Галинаның мектепке келмегенін айтқанда, басымызға жай түскендей болды», - деді оқушының әпкесі Ольга.

Туыстары қыздың құрбыларына, достарына, көршілеріне хабарласқан, бірақ қыз бала еш жерде болмаған.

«Бұрын ешқашан үйден кетіп көрмеген. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста болатын, адамдармен тез тіл табысатын», - деді Ольга.

Қыздың жоғалғаны туралы білім және полиция бөлімдеріне хабарланды.

Галина Квесиашвилиді көргендер болса, келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 87013564860 (Әпкесі Ольга), 87759384541 (қыздың әкесі) немесі 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772790-mektepke-zetpegen-karagandy-oblysynda-13-zastagy-kyz-zogalyp-ketti/

pixel