RU
Шекарадан есірткі алып өтпек болған өзбек жігіті жеті жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Шекарадан есірткі алып өтпек болған өзбек жігіті жеті жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан шеккарасынан ірі көлемдегі есірткі затын алып өтпек болған 20 жастағы қылмыскер 7 жылға сотталды деп хабаралйды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шекарадан

Көрнекі фото: nation-news.ru

2018 жылдың қыркүйек айында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы "Қапланбек" кеден бекетінде Өзбекстан Республикасының 20 жастағы азаматы құрықталған болатын.

Ұсталған шетелдік жігіттің қалтасынан ірі көлемдегі гашиш табылған. Құрықталған азамат есірткіні сату үшін сақтамағанын айтыпты.

Көрші елдің азаматына Қылмыстық кодекстің 286 бабы, 2-ші бөлігі, 5-ші тармағымен жəне 296 баптың 3-ші бөлігімен айып тағылып, кінəлі деп танылды.

Түркістан облыстық Сарыағаш аудандық сотының үкімімен осы баптар бойынша түпкілікті 7 жылға темір торға тоғытылды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel